Бүгін, 21 қазан күні, Түркістан облысының туризм басқармасы мен "Turkıstan Tourısm Center" туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында “WELCOME TO TURKISTAN-2021” іс-шарасы болып өтті. Іс-шара «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» және Бішкек қаласымен іскерлік байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік индустриясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты арттыру және "Заманауи Жібек жолы" жобасын таныстыру мен екі ел арасында туристік өнімдерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы мен «Aqsay Travel» туроператоры және Қырғыз Туристік Ассоцациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.