Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Түркістан облысы Туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының бастамасымен Түркістан облысы білім басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты КММ және адами әлеутті дамыту басқармасының «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілеріне «Тірі сабақтар» - пилоттық жобасы аясындағы экскурсиялық сабақтар өткізілді.

Экскурсиялық сабақтың бағдарламасы мен мазмұны оқушыларға ата-бабаларымыздың мәдениетінің бірегейлігін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның жалпы әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік берді. Экскурсиялық сабақтар барысында оқушылар кәсіби гид – экскурсоводтардың қызықты баяндамалырымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық – мұражайына қарасты Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, «Қылует» жер асты мешітін, «Жұма мешіті» мұражайын, «Шығыс моншасы» мұражайын, Күлтөбе қалашығын, «Visit Centre Turkistan» туристік ақпараттық орталығын, «Ұлы Дала Елі» мұражайын және «Karavansaray» туристік аймағын аралады.

«Тірі сабақтар»-дың қорытындысы бойынша оқушылар үшін викторина ұйымдастырылды. Викторинаның белсенді қатысушыларына естелік кәдесыйлар табыс етілді.