+7 771 740 07 00 +7 72533 7-21-31     Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақтың ұлы ақыны Абайдың айшықты бейнесі салынып жатыр. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алып сурет Абай даңғылы мен Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы №17 үйде салынуда. «Қазақ әдебиетінің бастауы, күллі қазақ баласына бағдар болған Абай бейнесі қала ажарын айшықтай түсері сөзсіз. Ұлттық руханияттың үлкен тұлғасына айналған алып суретті қала тұрғындарына сый ретінде «Энерго Ойл» ЖШС демеушілік есебінен тарту етуде», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен. Абай даңғылы Қызылорда қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Онда көптеген мекемелер, тұрғын үйлер бар. Сондай-ақ, мұнда қазақтың бас ақынының нақыл сөздері жазылған арнайы алаң ашылған.

 

Отзыв

Другие объекты

Акимат Туркестанской области АО «Национальная компания «Kazakh Tourism» Министерства иностранных дел РК