+7 771 740 07 00 +7 72533 7-21-31     Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

US News & World Report басылымы жыл сайын әлемнің үздік елдердің рейтингін жариялайды. 2020 жылы Швейцария ең үздік ел атанды. ТОП бестікке Канада, Жапония, Германия және Австралия кіреді.

Сонымен қатар үздік ондыққа Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланд және Норвегия енді, деп хабарлады ranking.kz. Рейтинг тоғыз көрсеткіш негізінде құрылды: 1) кәсіпкерлікті дамыту; 2) туристер арасындағы танымалдылық; 3) азаматтарына деген қарым-қатынас (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік); 4) мәдени ықпал; 5) тарихи мұра; 6) даму әлеуеті; 7) бизнестің ашықтығы; 8) әскери күш; 9) өмір сапасы. Қазақстан өз кезегінде биыл 2 сатыға жоғарылап, 66 орынға ие болды. Айта кетсек, Ресей 23 орынға, Әзербайжан 61 орынға тұрақтаған. Еліміз мына көрсеткіштер бойынша жақсы позицияға ие: әскери күш (36-орын), даму әлеуеті (42-орын) және бизнестің ашықтығы (65-орын). Осы категория бойынша: « COVID-19: стационарларда 5673 науқас емделіп жатыр Атырау облысында дәрігер-сурдолог жоқ »

Отзыв

Другие объекты

Акимат Туркестанской области АО «Национальная компания «Kazakh Tourism» Министерства иностранных дел РК