+7 771 740 07 00 +7 72533 7-21-31     Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған Торғай даласы киелі нысандарға,  құпияға толы әсем табиғатқа бай өңір, деп хабарлайды «Хабар 24». Жері жанға – дауа, тәнге – сая. Бірақ өңірдегі туризмді жандандыру жұмыстары сылбыр. Инфрақұрылым мәселесі ақсап тұр. Сол себепті туризмді табыс көзіне айналдырғысы келетін инвесторлар қаржы салуға асықпайды. Алыстан қарағанда бетін мұз басқандай көрінетін бұл – Қаратұз көлі.

Жаз сайын бұл жерде демалушылардан тыным жоқ. Облыс орталығынан, Нұр-Сұлтан қаласынан келетін туристер емдік қасиеті мол суда шомылғанды ұнатады екен.    Данияр Сұлтанұлы, тілші: – Қаратұз көлі аумағының айналасы 10 мың шаршы метрді алып жатыр. Кей жерде оның тереңдігі 14 метрге дейін барады. Тұз мұнда әркімге қолжетімді. Мына тұзды шамалы кептіріп алғаннан кейін кәнігі ас тұзы ретінде пайдалануға болады. Тұзды қанша алғанмен оның қайта қалпына келетіндей кереметі бар. Көлдің асты үнемі толқып жатады. Бетіне су жиналған сайын тұз да қалыңдай түседі. Оның қоры 40 млн тоннадан асады. Бүкіл республикадан қалды, сыртқа экспорттауға жетеді. 2007 жылға дейін көлден тұз өндірілген. Қазір бұл жұмыс тоқтап тұр. Балғабай Қалиев, Ақкөл ауылының әкімі: – Осындай шұңқыр құдықтың 17-сі бар. Ол бір жыл жабылады да, басқа жерден қайтадан ашылады. Тұздың астыңдағы қысым күшімен қайтадан жаңадан ашылып, осындай құдықтар бар. Ақкөлдің де өзіндік кереметі бар. Мұндағы судың астыңғы жағы ащы, ал үстіңгі жағы тұщы боп келеді. Бетінен ожаумен қалқып іше беруге болады. Балыққа да бай. Биыл Ақкөл суға толып, кемерінен асты. Жағалауында бала Ахмет Байтұрсынов жүгірген деседі. 25 шақырым жерде ғалымның кіндік қаны тамған үйі тұр. Екі бөлменің ішінде құнды жәдігерлер жоқ. Ахаң осы жерде соңғы рет 1926 жылы болған.                           Жақсыбек Әбдісалық, Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны: – Ахмет есімін салған еңбек қайтады деп есептеймін. Өйткені оған келетін, келмейтін адам болмайды. Талай жерден келеді. Неге қазір келмей жүр? Біріншіден, жолы нашар. Екіншіден, көрсететін ештеңе жоқ. Мынаны кімге көрсетесің? 2022 жылы Ахметтің туғанына 150 жыл. Егер мен қазақпын деген адам болатын болса, осы жердегі үйін жөндеп, мынау тұрған жолды жөндесе. Қаратұз көлі мен Ақкөл аудан орталығынан 130 шақырым қашықтықта жатыр. Сол бағыттарға дейінгі жол азабын жұрт айта-айта шаршағанына бірнеше жыл. Әсем жерлердің табиғатын іске асырғысы келетіндер жоқ емес. Бірақ барлығы инфрақұрылымға келіп тіреледі. Дінмұханбет Бидашев, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары: – Ахмет Байтұрсынов ауылына баратын жолдың бойында орналасқан көпірді күрделі жөндеуден өткізгенбіз. Биыл тағы бір көпірге жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Сол жолдың бойындағы 11 шақырымына жобалық-сметалық құжат әзірледік. Инвесторлар Қаратұз көлі ыстық су табиғи көзінің басына келушілерге арналған үй, демалыс орындарын салуға ниетті. Жергілікті билік оларға жер бөлу мәселесін қарастыру үстінде. Демек Торғай даласының туризм орталығына айналу жолында бір адым алға басатын күні алыс емес.  

Отзыв

Другие объекты

Акимат Туркестанской области АО «Национальная компания «Kazakh Tourism» Министерства иностранных дел РК