ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Түркістан облысының инвестициялық-туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 наурызында шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған "TURKISTAN MEDIA FORUM: INVESTMENT AND TOURISM OPPORTUNITIES" атты роуд-шоу өтті.

Іс-шаралар барысында инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде ілгерілету жөнінде басым бағдарламалар, жоспарлар мен мүмкіндіктерді таныстыратын боламыз.

Аталған іс-шараға Әзірбайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Саха, Тәжікстан, Түркия елдерінен келген түрлі баспа және электронды БАҚ өкілдерінен тұратын шетелдік және жергілікті журналистер қатысады.

Іс-шара аясында туризм, инвестиция және медиа саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, сондай-ақ өзара әрекеттестіктің тиімді тетігін қалыптастыру үшін түркітілдес елдердің БАҚ өкілдерімен кездесу өтеді. Іс-шара қонақтары Түркістан облысының инвестициялық-іскерлік әлеуеті жайлы тәжірибе және пікірлерімен бөлісетін болады.

Роуд-шоуға қатысушылар үшін 20-22 наурыз аралығында баспасөз турлары жоспарланған: тарихи-мәдени мұра объектілеріне бару (Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы, Отырар ауданы орталығы, Қожа Ахмет Ясауи сәулет кешені бойынша экскурсия, Ақмешіт үңгірі мен Кемеқалған монументіне бару) және басқа да іс-шаралар.